Ақжайық аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 15-4 «Ақжайық ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақжайық ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және қағидасын айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және қағидасы айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ақжайық ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және қағидасы»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысының шекті жол берілетін шығыстар үлесі деңгейі бес (5) пайыз мөлшерінде айқындалады.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 6 – тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін.
осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Ақжайық ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |