Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Ақжайық аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 26-2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 -қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6 980 196 мың теңге:
салықтық түсімдер – 2 810 960 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 39 700 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 500 мың теңге;
трансферттер түсімі – 4 127 036 мың теңге;
2) шығындар – 8 038 143 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 93 570 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 303 248 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 209 678 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 151 517 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
1 151 517 мың теңге;
қарыздар түсімі – 1 079 897 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 209 744 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 281 364 мың теңге.».
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
|
Мәслихат төрағасы