ЖОБА
Елді мекендегі салық салу
объектісінің орналасқан жерін
ескеретін аймаққа бөлу
коэффициентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 517/НҚ бұйрығын. басшылыққа ала отырып, Ақжайық ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті бекітілсін.
- Ақжайық ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 208 «Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» (Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылы 6 қазанда №6411 болып, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді электрондық бақылау банкінде 2020 жылдың 10 қазанында № 147104 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы (А. Төлегенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Е.Умитовке жүктелсін.
- Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енсін.
Аудан әкімі М. Сердалин