Экспорт және импорт кезінде Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині жөніндегі заңнамалардың талаптары.
Қазіргі уақытта елімізде ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау науқаны аяқталып, отандық өнімдер Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге экспортталып жатыр.
Экспорт кезінде Қазақстан Республикасының және Еуразиялық Экономикалық Одақтың өсімдіктер карантині саласындағы заңнамаларын үнемі сақтау керек.
2025 жылғы 23 сәуірден бастап Ресей Федерациясы аумағына бидайды, зығыр тұқымын, жасымықты, себуге арналған күнбағыс тұқымдарын жеткізуге уақытша шектеулер қойылған еді.
Сондай-ақ, шыққан жері Қазақстан Республикасы болып табылатын қызынақ, бұрыш, қауын және гүл кесінділерін Ресей Федерация аумағына өндіруші кәсіпорын жөніндегі ақпаратты фитосанитариялық сертификаттың 11 тармағында көрсету арқылы экспорттауға рұқсат етілді.
Карантинге жатқызылған өнімдерді Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге шығару үшін фитосанитариялық сертификатты алу кезінде, тасымалдаушы жеке және заңды тұлғалар өнімдердің шыққан жерін дұрыс көрсету керек, егер анық емес ақпараттарды ұсынган болса, Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады . Сондай-ақ Ресей Федерациясына санкцияланған өнімдерді экспортауға жол берілмейді.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Ережесіне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 30 шілдедегі № 234 бұйрығымен өзгерістер енгізілді. Яғни, карантинге жатқызылған өнімді облысаралық және мемлекетаралық тасымалдау кезінде карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы аумақтық бөлімшені (көрсетілетін қызметті берушіні) кез келген қолжетімді әдіспен хабардар етеді және карантинге жатқызылған өнімді келген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей межелі, жеткізу орындарында карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру үшін көрсетеді.
Өсімдіктер карантині саласы бойынша толық ақпаратты аудан орталығындағы Мендалиев көшесі, 23-үй мекенжайы бойынша орналасқан аудандық аумақтық инспекциядан білуге болатынын еске саламыз.
Байланыс тел.- 8 (711)-36- 92-4-24
Жексенғали Асқаров, аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы, өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор