Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақжайық ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.

2.«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Р. Умитовке жүктелсін.

4.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                 М.Сердалин

 

Дата публикации
06 ноября 2025