Карантиндік нысандардың ішінде ең көп таралғаны – карантиндік арамшөптер.
Карантиндік арамшөптермен күресу шаралары шаруашылық субъектілердің басты проблемасы болып табылады. Карантиндік арамшөптер – олардың түрлері, еліміздің аумағында кесдеспейтін немесе шектеулі таралған, бірақ өздігінен сырттан ене алатын және ауыл шаруашылығы дақылдарына, шаруашылық өніміне орасан зор зиян тигізеді.
Карантиндік арамшөптермен залалданған алқаптарда алынатын өңімнің күрт азаюы байқалады, ал агротехникалық шараларды қолданбаған жағдайда ауыл шаруашылығы өсімдіктердің жойылуына әкеледі.
Батыс Қазақстан облысы аумағында таралған карантиндік нысандар:
Карантиндік арамшөптермен күресу мемлекетіміздің басты шараларының бірі болып отыр.Өсімдік шаруашылығында карантиндік арамшөптерді жою мақсатында түрлі кешенді тәсілдер қолданады, олар: агротехникалық, биологиялық, химиялық жоғары уытты гербицидтерді енгізу арқылы арамшөптердің дамуын тежеу, олардың әрі қарай дамуына жол бермеу.
Карантиндік арамшөптердің көбісі мәдени өсмідіктерге зиянды, вирусты және бактериалдық аурулардың қоздырғышының таратушысы. Олардың көп түрі малға қорек ретінде жарамайды, сондықтан мұндай залалданған жайлымдармен шабындық жерлер өнімсіз болып келеді.
Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалар егiстiктi, аумақты, карантинге жатқызылған өнiм сақталатын қоймаларды жүйелi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге, карантиндiк нысандар анықталған жағдайда уәкілетті органды дереу хабардар етуге, карантиндік нысандардың таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды өз қаражаты есебінен жүргізеді,
Жексенғали Асқаров, аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы- өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы