2025 жылдың 4 тамызында, сағат 10.00-де Қарауылтөбе ауылдық округ әкімі аппаратының залында Қарауылтөбе ауылы, Темір Масин көшесі, 8 мекенжайында қоғамдық тыңдаулар өтеді. Тыңдаудың тақырыбы: орман қорын басқа категориядағы жерлерге орман шаруашылығымен айналыспау мақсатында ауыстыру мәселелері, сонымен қатар: Қарауылтөбе ауылының жанындағы орман қорын елді мекен жерлеріне ауыстыру. Ескерту мен ұсыныстарды Чапаево ауылы, Кунаев көшесі, 70 мекенжайындағы «Ақжайық ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне» жібере аласыздар. Байланыс телефондары: 8(71136) 91-3-03, 92-3-93.