Жұмыс комиссиясын құру туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұмыс комиссиясын құру туралы

 

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі «Жайылымдардың, оның ішінде аридтік жайылымдардың тозуымен және шөлейттенумен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу әдістемесін бекіту туралы» № 185 бұйрығына сәйкес Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аридтік жайылымдардың шөлейттенуімен және тозуымен күрес жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мақсатында төмендегідей құрамда жұмыс комиссиясы құрылсын:

Умашев Денис Молдагалиевич – Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары;

Сиражев Салимгерей Калимеденович – Ақжайық аудандық мәслихат төрағасы (келісім бойынша);

Бакиров Алибек Жардемович – Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы;

Мутиев Нургали Даргалиевич – Ақжайық ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы;

Жер учаскесі орналасқан ауылдық округ әкімдері.

  1. «Ақжайық ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М.Умашевқа жүктелсін.

 

 

 

                          Аудан әкімі                               М.Сердалин     

 

 

 

Дата публикации
24 июня 2025