Чапаев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының ХАТТАМАСЫ

Чапаев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының

ХАТТАМАСЫ

 

 

Чапаев ауылы                                        №8                                           05.05.2025 ж.

 

 

Қатысқан тұрғындар саны - 47 адам

Жақтап дауыс бергендер - 46

Қарсы болған - 1

Қалыс қалған - 0

 

 

КҮН  ТӘРТІБІ:

«Чапаев ауылындағы атаусыз көшелерге атаулар беру туралы»

 

            Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауылдық округі әкімінің орынбасары С.Сарбупеев -  әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікіріне сүйене отырып көше атауларына ұсыныс енгізу.

           Ауыл әкімшілігінде жер теліміне кезекте тұрған тұрғындарға тізім бойынша тұрғын үй салуға жер телімі берілген болатын, енді жаңадан                  пайда болған көшелерге көше атауларын беруі бойынша ұсыныстары қабылданатынын жеткізді. Атап айтқанда Чапаев ауылының бас жоспары негізінде тұрғын үй құрылысына пайдалануға берілген жер телімдерінің                көше аттары айқындалмауына байланысты төмендегідей ұсынысындағы:                  №12 көшеге - «Жайық», №33 көшеге - «Тұран», №34 көшеге - «Береке»,                 №52 көшеге - «Құлагер», №16 көшеге - «Кендала»,  №30 көшеге - «Қызылжар»,  №36 көшеге - «Нұрлы жол»,  №37 көшеге - «Бостандық», №9 тұйық көшеге - «Қайнар», №10 тұйық көшеге - «Сарыарқа», №11 тұйық көшеге - «Мерей» атауларын беру туралы мәселе қаралды.

          Жиынға қатысушы көше тұрғындары барлығы берілген ұсынысқа қарсы болмайтындықтарын білдіріп, көшеге атау беру жұмыстарын жалғастыруды ауылдық округі әкіміне тапсырды.

 

             Қоғамдастық жиналыстың қатысушылары ұсыныстарын ескере отырып төмендегідей ШЕШІМ қабылданды.

  1. №12 көшесі - «Жайық»
  2. №33 көшесі - «Тұран»
  3. №34 көшесі - «Береке»
  4. №52 көшесі - «Құлагер»
  5. №16 көшесі - «Кендала»
  6. №30 көшесі - «Қызылжар»
  7. №36 көшесі - «Нұрлы жол»
  8. №37 көшесі - «Бостандық»
  9. №9 тұйық көшесі - «Қайнар»
  10.  №10 тұйық көшесі - «Сарыарқа»
  11. №11 тұйық көшесі - «Мерей» атаулары беріліп, ұсыныстар облыстық

ономастикалық комиссия қарауына ұсынылсын. 

 

            

                       Жиналыс төрағасы                           С.Сарбупеев

 

 

                       Жиналыс хатшысы                             А.Жаншин

Дата публикации
15 мая 2025