Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылғы 4 мамыр күні Ақжайық ауданының Сарытоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына және 113-11 бабына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы                  8 мамырдағы  №35  шешімімен Сарытоғай ауылдық округінің әкімін тіркеді:

Есениязов Марат Салимгереевич, 1969 жылы туған, Ақжайық аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында тұрады.

 

          Ақжайық ауданының аумақтық

   сайлау комиссиясының төрағасы                             Е.Мангуров

Дата публикации
08 мая 2025