Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 2025 жылғы 4 мамырда Ақжайық ауданының Сарытоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының            2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Сарытоғай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 433 азамат енгізілді, оның ішінде – 235 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 18, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар –81.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Есениязов М.С – 119

Кенжегалиев К.С – 7

Кайыржанов А.Р – 10

Ақжайық ауданының Сарытоғай ауылдық округінің әкімі болып Марат Салимгереевич Есениязов сайланды, 1969 жылы туған, Ақжайық аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

                            Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 мая 2025