Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылғы 20 сәуір күні Ақжайық ауданының Бударин ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына және 113-11 бабына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 23 сәуірдегі №29 шешімімен Бударин ауылдық округінің әкімін тіркеді:
Мусагалиев Шокан Рахимович, 1972 жылы туған, Бударин ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылында тұрады.
Ақжайық ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мангуров