Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылғы 20 сәуірде Ақжайық ауданының Тайпақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Тайпақ ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3004 азамат енгізілді, оның ішінде – 1328 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 70, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар –29.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жумагалиев Ж.Б – 649
Косанов Н.С – 46
Темірғали Е.Б – 534
Ақжайық ауданының Тайпақ ауылдық округінің әкімі болып Жалгас Батырбекович Жумагалиев сайланды, 1987 жылы туған, Тайпақ ауылдық округі әкімінің орынбасары, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы