Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 2025 жылғы 20 сәуірде Ақжайық ауданының Бударин ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының  9) тармақшасына, 44-бабының
2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Бударин ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 933 азамат енгізілді, оның ішінде – 549 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 31, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар –14.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Есжан С.А –35

Макбузов А.А – 32

Мусагалиев Ш.Р –437

Ақжайық ауданының Бударин ауылдық округінің әкімі болып Шокан Рахимович Мусагалиев сайланды, 1972 жылы туған, Бударин ауылдық округінің әкімі, Ақжайық ауданының Бударин ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.

                                    Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
20 апреля 2025