АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және  113-5-бабына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы    2025 жылғы 30 наурыз және 15 сәуір күні Сарытоғай ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Есениязов Марат Салимгереевич, 1969 жылы туған, Ақжайық аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  2. Кенжегалиев Колганат Серикович, 1980 жылы туған, Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығына қарасты Жамбыл ауылдық мәдениет үйінің жетекшісі, Ақжайық ауданы Жамбыл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  3. Кайыржанов Абзал Русланович, 1995 жылы туған, Қабыршақты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
16 апреля 2025