АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Чапаев ауылы №23 2025 жылғы 08 сәуір
2025 жылғы 20 сәуірге тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданының Тайпақ ауылдық округі әкімінің
сайлауына байланысты Тайпақ ауылдық округі әкімі лауазымына
кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2025 жылғы 20 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Тайпақ ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылдың 16 сәуір күні сағат 19:00-де Тайпақ ауылдық мәдениет үйінде (келісім бойынша) кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
- 2025 жылғы 20 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Тайпақ ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).
- Осы шешім Тайпақ ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
- Осы шешім Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары С.Стармаусоваға жүктелсін.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ақжайық ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мангуров