АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Чапаев ауылы №7 2025 жылғы 04 сәуір
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданының Сарытоғай ауылдық округі әкімі
сайлауының мерзімін ұзарту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармағына, 113-7-бабының 2-тармағына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Сарытоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 4 мамырға дейін ұзартылсын.
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Сарытоғай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Әкімдікке кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 4 сәуірден басталып, 2025 жылғы 10 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталсын.
- Әкімдікке кандидаттарды тіркеу 2025 жылғы 15 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталсын.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Е.Мангуров