АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және  113-5-бабына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы    2025 жылғы 30 наурыз күні Тайпақ ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:

  1. Есениязов Марат Салимгереевич, 1969 жылы туған, Ақжайық аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  2. Жумагалиев Жалгас Батырбекович, 1987 жылы туған, Тайпақ ауылдық округі әкімінің орынбасары, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  3. Косанов Нуркен Сабыргалиевич, 1986 жылы туған, М.Жүнісов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары, Жаңақала ауданы Жаңақала ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
  4. Темірғали Ерлан Базарбайұлы, 1966 жылы туған, «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілерін таратушы компаниясы» ЖШС-нің электромонтеры, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды.

 

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
30 марта 2025