АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 30 наурыз күні Бударин ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Есжан Сағындық Аманжолұлы, 1995 жылы туған, Базартөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақжайық ауданы Базартөбе ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Макбузов Аслан Асылбекович, 1991 жылы туған, Ақжайық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі, Ақжайық ауданы Чапаев ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Мусагалиев Шокан Рахимович, 1972 жылы туған, Бударин ауылдық округінің әкімі, Ақжайық ауданы Бударин ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы