Ақжайық ауданының Базаршолан ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы
Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2022 жылғы 17 сәуірде Ақжайық ауданының Базаршолан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Базаршолан ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 783 азамат енгізілді, оның ішінде - 574 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 13, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 9.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Байбаракова М.Г. – 110 (20,0%);
Джумашев М.М. – 429 (77,7%);
Елешев А.К. – 13 (2,3%).
Ақжайық ауданының Базаршолан ауылдық округінің әкімі болып Джумашев Мурат Махатович сайланды, 1980 жылғы, «БҚО әкімдігі білім бөлімінің Ақжайық ауданы білім бөлімінің Ғ.Махамбетов атындағы орта мектебі» КММ құқық экономика негіздері пәнінің мұғалімі, директордың шаруашылық істері жөніндегі орынбасары, Ақжайық ауданының Базаршолан ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынушы.
Комиссия төрағасы С.Аймукашев
Комиссия хатшысы С.Стармаусова