АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

 

Чапаев ауылы                                    №6                         2022 жылғы 18 наурыз

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданының Базаршолан ауылдық округ

әкімінің сайлауын 2022 жылғы 17 сәуірге тағайындау

туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Базаршолан ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 17 сәуірге тағайындалсын.
  2. 2022 жылғы 17 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Базаршолан ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Аталған ауылдық округтің әкімдігі Ақжайық ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірге Базаршолан ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу кезеңінде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.
  5. 5. Осы шешімнің көшірмесі Ақжайық ауданының әкіміне жолдансын.
  6. Осы шешім аудандық «Жайық таңы» қоғамдық – саяси газетінде және сайта (мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет ресурстар порталы) жариялансын.

 

 

       Аудандық аумақтық сайлау

       комиссиясының төрағасы                                   С.Аймукашев

 

       Аудандық аумақтық сайлау

       комиссиясының хатшысы                                         С.Стармаусова

 

 

 

 

Дата публикации
30 марта 2025