Базартөбе ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

 

 

 

Базартөбе ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы

Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2022 жылғы 13 ақпанда Ақжайық ауданының Базартөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Базартөбе ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Базартөбе сайлау округі:

 

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 849 азамат енгізілді, оның ішінде - 579 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 19, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

М.Б.Досқалиев –173(31,2%);

Г.Т.Досымова –20 (3,6%);

Н.К.Зиеденов –361 (65,2%).

Зиеденов Нурбек Кенжеевич, 1975 жылы туған, Базартөбе орта жалпы білім беретін мектебінің директоры, Ақжайық ауданының Базартөбе ауылында тұрады, өзін – өзі ұсынушы, Базартөбе ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

 

 

                            Комиссия төрағасы                       С.Аймукашев

 

                            Комиссия хатшысы                      С.Стармаусова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 марта 2025