АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

 

Чапаев ауылы                                    №1                         2022 жылғы 14 қаңтар

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданының Базартөбе ауылдық округ

әкімінің сайлауын 2022 жылғы 13 ақпанға тағайындау

туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Базартөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 13 ақпанға тағайындалсын.
  2. 2022 жылғы 13 ақпанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Базартөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Аталған ауылдық округтің әкімдігі Ақжайық ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірге Базартөбе ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу кезеңінде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.
  5. 5. Осы шешімнің көшірмесі Ақжайық ауданының әкіміне жолдансын.
  6. Осы шешім аудандық «Жайық таңы» қоғамдық – саяси газетінде және сайтта жариялансын.

 

 

         Аудандық аумақтық сайлау

         комиссиясының төрағасы                                                С.Аймукашев

 

         Аудандық аумақтық сайлау

         комиссиясының хатшысы                                       С.Стармаусова

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 марта 2025