Алмалы ауылдық округі бойынша сайланған әкімін тіркеу туралы
Ақжайық аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-11-бабына сәйкес, аудандық сайлау комиссиясы 2022 жылдың 22 мамырда болған Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округ әкімінің сайлауын өткізді.
Сайлаудың қорытындысына сәйкес, Ақжайық аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 мамырдағы №19 шешімімен Сабиров Ербол Амангелдиевич, 1973 жылы туған, «БҚО әкімдігі білім бөлімінің Ақжайық ауданы білім бөлімінің Алмалы орта жалпы білім беретін мектебінің» мұғалімі, Ақжайық ауданының Алмалы ауылында тұрады. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Алмалы ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Комиссия төрағасы С.Аймукашев
Комиссия хатшысы С.Стармаусова