Ақжайық ауданының Алмалы және Жамбыл ауылдық округі әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы Ақжайық аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

 

Ақжайық ауданының Алмалы және Жамбыл ауылдық округі әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы

Ақжайық аудандық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

2022 жылғы 22 мамырда Ақжайық ауданының Алмалы және Жамбыл ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.

Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Алмалы және Жамбыл ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Алмалы ауылдық округі бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1023 азамат енгізілді, оның ішінде - 705 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 21, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бекназаров Т.Т. – 323 (47,4%);

Кайыржанов А.Р. – 9 (1,3%);

Сабиров Е.А – 349 (51,3%).

Ақжайық ауданының Алмалы ауылдық округінің әкімі болып Сабиров Ербол Амангелдиевич сайланды, 1973 жылғы,  «БҚО әкімдігі білім бөлімінің Ақжайық ауданы білім бөлімінің Алмалы ОЖББ мектебінің» мұғалімі, Ақжайық ауданының Алмалы ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынушы.

 

Жамбыл ауылдық округі бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 429 азамат енгізілді, оның ішінде - 396 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Джамаков А.Ш – 369 (94,6%);

Дуйсенгалиев М.К – 9 (2,3%);

Жаншин А.Г – 12 (3,1%).

Ақжайық ауданының Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып Джамаков Альбек Шагидуллиевич сайланды, 1965 жылғы,  «Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты» ММ бас маманы, Ақжайық ауданының Жамбыл ауылында тұрады. «Amanat» саяси партиясынан.

 

 

 

                                   Комиссия төрағасы                              С.Аймукашев

 

                                   Комиссия хатшысы                                С.Стармаусова

 

 

 

Дата публикации
30 марта 2025