Қазақстан Республикасы
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2022 жылғы 02 қыркүйектегі
№25 шешімімен бекітілген
2022 жылғы 02 қазанға тағайындалған
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
1. Ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындау |
||
|
Аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 02 қыркүйек ( 113-1-бап 2-, 3-тармақтар) |
||
|
2. Сайлау округінің тізімін олардың шекараларын және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2022 жылғы 12 қыркүйектен кешіктірмей (22-бап) |
|
|
3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2022 жылғы 12 қыркүйектен кешіктірмей (13-бап 4-тармақ) |
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2022 жылғы 17 қыркүйектен кешіктірмей (17-бап 2-тармақ) |
|
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Аудан әкімінің аппараты Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2022 жылғы 17 қыркүйектен кешіктірмей (23-бап 5-тармақ) |
|
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
||
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады (2022 жылғы 03 қыркүйекте басталады және 2022 жылғы 16 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады), сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталатын күні екеуден аз кандидат ұсынылған болса, аудан әкімі жүргізеді (2022 жылғы 17 қыркүйекте басталады және 2022 жылғы 22 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады). (113-3-бап 1-тармақ) |
|
|
7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында нормаларда қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
||
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы (4-бап 2-тармақша, 113-2-бап, 113-5-бап 11-тармақ) |
|
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу |
||
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-бап 8-1)-тармақша, 31-бап) |
|
|
9. Әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей (113-4 бап) |
|
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың анықтығын тексеруді жүзеге асыру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін жұмыскерлерін тарта отырып Қол қою парақтары сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде (113-4-бап 7-тармақ) |
|
|
11. Әкімдікке кандидаттардың өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу |
||
|
|
Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар Кандидат тіркелгенге дейін (113-5бап 2 тармақ) |
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына 2022 жылдың 1 қыркүйек күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсыру |
||
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5 бап 3тармақ) |
|
|
13. Әкімдікке кандидат және оның зайыбының (жұбайының) декларациялаған көрсеткен активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің анықтығын тексеру |
||
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5 бап 4тармақ) |
|
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
||
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2022 жылғы 21 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады (113-5-бап) |
|
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-бап 9-тармақ) |
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
||
|
|
Жергiлiктi атқарушы орган және аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-бап 6-тармақ) |
|
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
||
|
|
Әкімдікке кандидаттар тіркелген мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2022 жылғы 21 қыркүйекте сағат 18.00-де басталады және 2022 жылғы 30 қыркүйекте 00.00 сағатта аяқталады (27-бап 2-тармақ) |
|
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайда кандидаттардың және сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Жергiлiктi атқарушы орган және аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-бап 4- тармақ) |
|
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша тиісті әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
||
|
|
Аудан әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2022 жылғы 12 қыркүйекке дейін (24-бап 5-тармақ) |
|
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2022 жылғы 17 қыркүйектен кешіктірмей (26-бап 1-тармақ) |
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2022 жылғы 22 қыркүйектен кешіктірмей (18-бап 5)-тармақша, 38-бап 2-тармақ) |
|
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
||
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2022 жылғы 29 қыркүйектен ерте емес және 01 қазаннан кешіктірмей (37-бап 3-тармақ) |
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау
|
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат қалғанда Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-бап 1-тармақ) |
|
|
24.Дауыс беруді өткізу |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-бап 1-тармақ) |
|
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-бап 8)-тармақша, 43-бап) |
|
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-бап 8-тармақ) |
|
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну
|
||
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-бап 1-тармақ) |
|
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау
|
||
|
|
Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күннен кешіктірмей 2022 жылғы 05 қазаннан кешіктірмей (113-10-бап) |
|
|
29. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
||
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей 2022 жылғы 05 қазаннан кешіктірмей (44 б.) |
|
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын өз міндетін доғару туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2022 жылғы 08 қазаннан кешіктірмей (45-бап, 46-бап 3-тармақ 2)-тармақша, 113-11-бап) |
|
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.