Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Ақсуат және Құрайлысай ауылдық округ әкімдерінің сайлауын 2022 жылғы 02 қазанға тағайындау туралы

АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

 

Чапаев ауылы                                    №25                    2022 жылғы 02 қыркүйек

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданының Ақсуат және Құрайлысай ауылдық округ

әкімдерінің сайлауын 2022 жылғы 02 қазанға тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Ақсуат және Құрайлысай ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2022 жылғы 02 қазанға тағайындалсын.
  2. 2022 жылғы 02 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Ақсуат және Құрайлысай ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Аталған ауылдық округтердің әкімдігі Ақжайық ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірге Ақсуат және Құрайлысай ауылдық округі әкімдерінің сайлауын өткізу кезеңінде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.
  5. 5. Осы шешімнің көшірмесі Ақжайық ауданының әкіміне жолдансын.
  6. Осы шешім аудандық «Жайық таңы» қоғамдық – саяси газетінде және сайтта (мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет ресурстар порталы) жариялансын.

 

 

         Аудандық аумақтық сайлау

         комиссиясының төрағасы                                                С.Аймукашев

 

         Аудандық аумақтық сайлау

         комиссиясының хатшысы                                       С.Стармаусова

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 марта 2025