АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2021 жылғы 25 шілдеде Ақжайық ауданының ауылдық округтері әкімдерінің үш сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Бударин сайлау округі
Бударин ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 969 азамат енгізілді, оның ішінде 824 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны –26, "Барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар -4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абдрахманов С.А.–64; Мангуров Е.И–45; Мусагалиев Ш.Р–685.
Бударин ауылдық округінің әкімі болып Мусағалиев Шоқан Рахымұлы сайланды, 1972 жылғы, Бударин ауылдық округінің әкімі, Бударин ауылдық округінің Бударин ауылында тұрады. "Nur Otan"партиясы ұсынған.
Сарытоғай сайлау округі
Сарытоғай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 471 азамат енгізілді, оның ішінде 316 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–6, "Барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар -4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абилов М.А -24; Айткалиев К.Ж–14; Әлжан А.Ж–268.
Сарытоғай ауылдық округінің әкімі болып Әлжан Абзал Жәрдемұлы сайланды, 1965 жылғы, Сарытоғай ауылдық округінің әкімі, Жаңажол Сарытоғай ауылдық округінің Жанама ауылында тұрады. "Nur Otan"партиясы ұсынған.
Тайпақ сайлау округі
Тайпақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3278 азамат енгізілді, оның ішінде 3019 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны–108, "Барлығына қарсы" деген жолда белгісі бар -28.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Есеналиева Ж.Ж – 141; Ибрашев А.К – 231, Шаленов Б.Б- 2511.
Тайпақ ауылдық округінің әкімі болып Шаленов Болат Байғалиұлы сайланды, 1963 Тайпақ ауылдық округінің әкімі, Тайпақ ауылдық округінің Тайпақ ауылында тұрады. "Nur Otan"партиясы ұсынған.
Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Ақжайық ауданының Бударин, Сарытоғай және Тайпақ ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.
Ақжайық аудандық сайлау комиссиясы