АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КЛМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Чапаев ауылы №7 25 маусым 2021 жыл
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Бударин, Сарытоғай және Тайпақ ауылдық округтер әкімдерінің
сайлауын 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Бударин, Сарытоғай және Тайпақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалсын.
- 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Бударин, Сарытоғай және Тайпақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Аталған ауылдық округтердің әкімдігі Ақжайық ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірге Бударин, Сарытоғай және Тайпақ ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізу кезеңінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.
- 5. Осы шешімнің көшірмесі Ақжайық ауданының әкіміне, Ақжайық аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.
- Осы шешім аудандық «Жайық таңы» қоғамдық – саяси газетінде және сайтта жариялансын.
Төраға С.Аймукашев