АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Чапаев ауылы №4 2025 жылғы 12 наурыз
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданының Бударин, Сарытоғай және Тайпақ ауылдық округі әкімдерінің сайлауын 2025 жылғы 20 сәуірге тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының 1 тармағының 1 тармақшасына және 2-тармағына сәйкес, Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Бударин, Сарытоғай және Тайпақ ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 20 сәуірге тағайындалсын.
- 2025 жылғы 20 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Бударин, Сарытоғай және Тайпақ ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Ақжайық ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында және аудандық қоғамдық – саяси «Жайық таңы» газетінде жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Е.Мангуров