Әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылатын сұранысқа ие мамандықтар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2025 жылға Ақжайық ауданы бойынша денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну үшін сұранысқа ие мамандықтар тізбесі бекітілсін.
- «Ақжайық ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақжайық ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
|
Аудан әкімінің міндетін атқарушы
|
Д. Умашев
|
|
|
|