Жоба
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің «Әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» 2015 жылғы 5 маусымдағы №269 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, басшылыққа алып, Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің «Әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» 2015 жылғы 5 маусымдағы №269 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3941) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақжайық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
М.Сердалин