Өсімдіктер карантині саласындағы өзгерістер.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру негізінде «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 222 бұйрығымен өзгерістер енгізді. Яғни, Қағиданың 2-тараудың 5-параграфы «Карантинге жатқызылған өнімді мемлекетішілік тасымалдау (өсімдіктердің ішкі карантині) кезіндегі қорғау тәртібі»  алынып тасталды.

Алдағы уақытта бұл өзгеріс ауылшаруашылығы тауарөндірушілерге, бизнесмендерге өз істерін дамытуға жеңілдік береді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, оған төзбеушілікті қалыптастыруға бағыттайды.

Аталған бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Осы өзгеріске сәйкес «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік  қызмет көрсетілмейді. Айта кетсек, карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау  кезінде карантиндік сертификат алу қажет етпейді.

Өсімдіктер карантині саласы бойынша толық ақпаратты аудан орталығындағы Мендәлиев көшесі, 23-үй мекенжайы бойынша орналасқан аудандық аумақтық инспекциядан білуге болатынын еске саламыз.

Байланыс тел.- 8 (711)-36- 92-4-24, 8-701-795-03-28

 

Жексенғали Асқаров, аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор

Дата публикации
13 января 2025