Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округі бойынша сайланған әкімін тіркеу туралы
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылдың 24 қараша күні Ақжайық ауданының Алмалы ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына және 113-11 бабына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 27 қарашадағы №46 шешімімен Алмалы ауылдық округінің әкімін тіркеді:
Наурзалиев Мереке Тулеугалиевич, 1972 жылы туған, Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің өрт сөндіру станциясының басшысы, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында тұрады.
Ақжайық ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мангуров