Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округі бойынша сайланған әкімін тіркеу туралы Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округі бойынша сайланған әкімін тіркеу туралы

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылдың 24 қараша күні Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына және 113-11 бабына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 27 қарашадағы  №48 шешімімен Құрайлысай ауылдық округінің әкімін тіркеді:

Сатдыков Бауыржан Бисенович, 1965 жылы туған, жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады.

 

          Ақжайық ауданының аумақтық

   сайлау комиссиясының төрағасы                             Е.Мангуров

 

Дата публикации
27 ноября 2024