Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі бойынша сайланған әкімін тіркеу туралы Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылдық округі бойынша сайланған әкімін тіркеу туралы

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2024 жылдың 24 қараша күні Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына және 113-11 бабына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 27 қарашадағы №47 шешімімен Қабыршақты ауылдық округінің әкімін тіркеді:

Аймагамбетов Халык Сатханович, 1966 жылы туған, Бітік мектеп-бөбекжай кешенінің мұғалімі, Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылында тұрады.

 

          Ақжайық ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                      Е.Мангуров

 

Дата публикации
27 ноября 2024