2024 жылғы 24 қарашада Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 910 азамат енгізілді, оның ішінде – 593 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 13, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар–19.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ерғалиева Г.Б - 80
Сатдыков Б.Б – 446
Сахипова С.Б– 35
Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округінің әкімі болып Бауыржан Бисенович Сатдыков сайланды, 1965 жылы туған, жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы» ұсынған.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы