2024 жылғы 24 қарашада Ақжайық ауданының Алмалы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Алмалы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1031 азамат енгізілді, оның ішінде – 757 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 38, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар –100.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алмешова С.К – 70
Ғазезова А.Ж– 72
Наурзалиев М.Т– 477
Ақжайық ауданының Алмалы ауылдық округінің әкімі болып Мереке Тулеугалиевич Наурзалиев сайланды, 1972 жылы туған, Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің өрт сөндіру станциясының басшысы, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы