Бүгін 24 қарашакүні таңғы сағат 7:00-де ауданымыздың Алмалы, Қабыршақты және Құрайлысай ауылдық округінің учаскелік сайлау комиссиялары жұмысын бастады. Комиссия мүшелерінің қатысуымен сайлау жәшіктері тексеріліп, пломба салынып мөрленді. Сайлау күні дәстүрлі түрде Қазақстан республикасының мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды.
Әр сайлау учаскесінде бірінші келген белсенді сайлаушыларға естелік сыйлықтар ұсынылуда.