Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 11-2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақжайық аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 11-2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 -қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 6 702 952 мың теңге:

салықтық түсімдер – 2 574 542 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 30 650 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 500 мың теңге;

трансферттер түсімі – 4 097 260 мың теңге;

2) шығындар – 7 417 792 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 91 590 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 282 438 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 190 848 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 806 430 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
806 430 мың теңге;

қарыздар түсімі – 863 604 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 219 833 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 162 659 мың теңге.».

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Мәслихат төрағасы                                                   

Дата публикации
31 октября 2024