АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ №41 ШЕШІМІ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Чапаев ауылы                                   №41                     2024 жылғы 07 қараша

 

 

2024 жылғы 24 қарашаға тағайындалған

Қазақстан Республикасы  Батыс Қазақстан  облысы

Ақжайық ауданы Алмалы ауылдық округі әкімінің

сайлауына байланысты Алмалы ауылдық  округі әкімі лауазымына

кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

                         

        

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

1. 2024 жылғы 24 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Алмалы ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылдың 14 қараша күні сағат 16:00-де Алмалы ауылындағы Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Алмалы ауылдық мәдениет үйі ғимараты (келісім бойынша) кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.

2. 2024 жылғы 24 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Алмалы ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).

3. Осы шешім Алмалы ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.

4. Осы шешім Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары С.Стармаусоваға жүктелсін.

6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Ақжайық ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                       Е.Мангуров

 

Дата публикации
07 ноября 2024