АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Чапаев ауылы №40 2024 жылғы 07 қараша
2024 жылғы 24 қарашаға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округі әкімінің
сайлауына байланысты Құрайлысай ауылдық округі әкімі лауазымына
кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына, 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- 2024 жылғы 24 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылдың 12 қараша күні сағат 15:00-де Құрайлысай ауылындағы Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Құрайлысай ауылдық мәдениет үйі ғимараты (келісім бойынша) кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
- 2024 жылғы 24 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспары бекітілсін (1-қосымша).
- Осы шешім Құрайлысай ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
- Осы шешім Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары С.Стармаусоваға жүктелсін.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ақжайық ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мангуров