Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 2 қараша күні Қабыршақты ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
1. Аймагамбетов Халык Сатханович, 1966 жылы туған, Бітік мектеп-бөбекжай кешенінің мұғалімі, Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
2. Нәсіпқалиев Қуанышбек Ғарифоллаұлы, 1993 жылы туған, Құрайлысай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақжайық ауданы Чапаев ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
3. Сариева Бибигуль Кемесаевна, 1986 жылы туған, Сарытоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақжайық ауданы Чапаев ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы