Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 2 қараша күні Құрайлысай ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
1. Ерғалиева Гулфайруз Бекежановна, 1994 жылы туған, Көнеккеткен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақжайық ауданы Чапаев ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
2. Сатдыков Бауыржан Бисенович, 1965 жылы туған, жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды;
3. Сахипова Сакыпжамал Боранбаевна, 1976 жылы туған, Ақсуат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақжайық ауданы Ақсуат ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы