Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 1 қараша күні Алмалы ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
1. Алмешова София Камбаровна, 1987 жылы туған, Мерген ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақжайық ауданы Мерген ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
2. Ғазезова Ақжарқын Жұмакелдіқызы, 1992 жылы туған, Жамбыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Ақжайық ауданы Жамбыл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
3. Наурзалиев Мереке Тулеугалиевич, 1972 жылы туған, Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің өрт сөндіру станциясының басшысы, Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы