"Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өз - өзін басқару туралы" заңына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.Ақжайық ауданының Ақжол, Қабыршақты, Мерген ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2020 жылғы 30 қазанға тағайындалсын.
2.Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну - 2020 жылғы 01 қазанда басталып, 05 қазанда аяқталсын, ал кандидаттарды тіркеу 05 қазанда басталып, 15 қазанда аяқталсын.
3.Сайлау аудандық сайлау комиссиясының мекен - жайында 2020 жылғы 30 қазанда өткізілсін.
4.Қоса беріліп отырған Ақжол, Қабыршақты,Мерген ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс - шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
5.Осы шешімнің бір данасы Ақжайық ауданының әкіміне, бір данасы Ақжайық аудандық маслтхат хатшысына жолдансын.
6.Осы шешім жергілікі бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы С.Аймукашев