Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Алмалы, Қабыршақты, Құрайлысай ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 Чапаев ауылы                                   №16                     2024 жылғы 7 тамыз

  

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданының Алмалы, Қабыршақты, Құрайлысай ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Алмалы, Қабыршақты, Құрайлысай ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 24 қарашаға тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 24 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Алмалы, Қабыршақты, Құрайлысай ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Ақжайық ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және сайлау болатын күн туралы хабар аудандық «Жайық таңы» қоғамдық–саяси газетінде жариялансын.
  6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Ақжайық ауданының аумақтық сайлау

      комиссиясының төрағасы                                                   Е.Мангуров                                                    

 

Дата публикации
16 октября 2024