Ақжайық ауданы Мерген ауылдық округінің әкімін тіркеу туралы Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес, 2024 жылдың 15 қыркүйек  күні Ақжайық ауданының Мерген ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11 бабының 1-тармағына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 26 шешімімен  Мерген ауылдық округінің әкімін тіркеді:

         Тойекешов Мейрамбек Кенжебаевич, 1990 жылы туған, Ақжайық аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Мерген ауылында тұрады.

 

          Ақжайық ауданының аумақтық

          сайлау комиссиясының төрағасы                                 Е.Мангуров

Дата публикации
18 сентября 2024