Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес, 2024 жылдың 15 қыркүйек күні Ақжайық ауданының Ақжол ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11 бабының 1-тармағына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 25 шешімімен Ақжол ауылдық округінің әкімін тіркеді:
Қаленов Бекболат Рахметқалиұлы, 1994 жылы туған, Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық мәдениет үйінің жетекшісі, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ілбішін ауылында тұрады.
Ақжайық ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Е.Мангуров