Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2024 жылғы 15 қыркүйекте Ақжайық ауданының Ақжол ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына,
44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының Ақжол ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1139 азамат енгізілді, оның ішінде – 902 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 17, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар–50.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Есжан С.А – 45
Қаленов Б.Р– 744
Қарашин С.Ж– 46
Ақжайық ауданының Ақжол ауылдық округінің әкімі болып Бекболат Рахметқалиұлы Қаленов сайланды, 1994 жылы туған, Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық мәдениет үйінің жетекшісі, Ақжайық ауданының Ілбішін ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы